Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтпайды – Нұрлан Ноғаев

804

ОПЕК+ ұсынысы әлі пысықталады.

Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтпайды – Нұрлан Ноғаев

Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отырған жоқ. "Интерфакс Қазақстанның" жазуына қарағанда, қалыптасқан жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жоспарын өзгерте қоймайды.

"2020 жылға арналған жоспар бар. Біз осы жоспарды ұстанамыз. Ол жоспар бойынша елеулі мөлшерде өндірісті азайту немесе ұлғайту көзделмеген",  деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысынан кейін журналистерге. 

Бұған дейін ОПЕК+ ұйымы техникалық комитет Қазақстанға мұнай өндірісін тәулігіне 20-30 мың баррельге қысқартуды ұсынатынын айтқан болатын. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұл ұсыныс әлі талқылануға тиіс. 

"Қазіргі міндеттеме бойынша тәулігіне 1,843 млн баррель өндіруіміз керек. Ал тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 20-30 баррельге қысқарту ұсынысын жан-жақты қарау керек. Бұл мұнай компанияларының жағдайына қалай әсер етеді, оның біздің жоспарларға әсері қандай болады деген сұрақтарға жауап алуымыз қажет",  деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу