Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін бақылауда ұстамайды

675

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін бақылауда ұстамайды

Қазақстан қара алтын өндірісінің көлемін енді бақылауда ұстамайды. Тек елдегі мұнай кен орындарының пайда болуына аса мән бермек. Бұл келер жылы күшіне енуі тиіс "Жер қойнауын пайдалану" туралы кодексте көрсетілген. Мемлекет тарапынан инвесторларға қойылатын талап, жерді орынды пайдалану болып отыр. Сондай-ақ, кодексте келісімшарт жасасу уақытын қысқарту, ал өндіріс кезеңін ұзарту қарастырылған. Қолданыстағы маңызды құжатта келісімге қол жеткізу үшін инвесторлар 24 ай уақытын жұмсайды. Жаңа кодексте оны 45 күнге дейін қысқарту қарастырылған. Яғни, аукцион жеңімпазы құжатты бір жарым айдың көлемінде алып, жұмысына кірісе алады. Бұған қоса, жер қойнауын бұрғылау үшін қазіргідей 2 жыл емес, 3 жыл, ал күрделі аймақтарда 6 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік берілмек.

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары:

"Аукционның тәртібі де жеңілдей түспек. Конкурска қатысушылардың төлем қабілеті мен жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі. Жеңген инвестормен келісім жасасу кезінде қазіргідей қосымша құқықтық және экономикалық сараптама қағаздар қажет болмайды. Сондай-ақ, жаңа кодексте көрсетілгендей геологиялық барлауға 13 жыл, ал күрделісіне 21 жыл уақыт беріледі."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу