Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 20 мың баррельге қысқартты

1016

Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 20 мың баррельге қысқартты

Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемелерін орындауға кірісті, деп хабарлады "Астана" телеарнасы ҚР  Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзиннің айтуынша, қаңтар айынан бастап, Қазақстан мұнай өндіру көлемін мұнай картелінің мәжілісінде айтылғандай, тәулігіне 20 мың баррельге қысқартты.

"Біз бұдан былай мұнайды 20 мың баррельге аз өндіреміз. Жыл соңына дейін ОПЕК мүшелері мен оның байқаушы елдерінің кездесуі болады. Сонда бақылау тетіктерімен қатар одан арғы іс-қимыл жоспары сөз болады. Нәтиже қандай болатынын білмейміз. Бізге кем дегенде бір ай уақыт қажет",-деді Қуандық Құлмұрзин.

Айта кетейік, картель мүшелері өндіріс көлемін тәулігіне 1 млн 200 мың баррельге қысқартуға келісті. ОПЕК елдеріне кірмейтін Қазақстан сияқты елдерге келетін болсақ, олар мұнай өндіруді тәулігіне 558 баррельге қысқартуға уағдаласты. Негізгі салмақты Ресей алды. Ол өндірісті тәулігіне 300 мың баррельге азайтатын болды. Әзірбайжан 35 мыңға, Мексика 100 мыңға қысқартуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу