Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

778

Мұндай шешім ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады Фото: inbusiness.kz

"Отырыста ОПЕК+ елдері мұнай өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан мамырда тәулігіне 1,463 млн баррель, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррель және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррель мұнай өндіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу