Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуға қатысты өз міндетін асыра орындаған

887

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуға қатысты өз міндетін асыра орындаған

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуға қатысты міндетін асыра орындады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz. 
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, ОПЕК-тің ұсынысына байланысты Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуға қатысты өз міндетін орындаған. 

Еске сала кетсек, ОПЕК және бұл ұйымға кірмейтін бірқатар елдер 2016 жылы Венада өткен жиында мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррельге қысқартуға келіскен болатын. Қазақстан келісім аясында мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алып, оны алғашқы жартыжылдықта орындауға уәде еткен. Осы жылдың тамыз айында еліміз осы келісімге қатысты міндетін асыра орындады.

Келісім 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығына жасалған еді. Мамыр айында оның мерзімі тағы тоғыз айға, яғни  2018 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартылды. Мағзұм Мырзағалиев ОПЕК бұл келісімді одан әрі  созу туралы келіссөз жүргізіп жатпағанын айтты.

"Бұл құжат (өндіруді шектеуге қатысты) келесі жылдың наурыз айына дейін ғана жұмыс істейді. Ал келесі жылдың қалған тоғыз айына созу туралы мәселе 2017 жылдың соңында қаралатын болады. Кеше қазан айының екінші жартысында Венаға келуге шақырту алдық. Бұл – техникалық сарапшылар қатысатын кезекті кездесу. Бұған департамент директорлары қатысады", – деді вице-министр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу