Қазақстан мұнай өндіруді шектеуге дайын емес

1013

Қазақстан мұнай өндіруді шектеуге дайын емес

Қазақстан мұнай өндіруге шектеу қоятын құжаттарға қол қоюға дайын емес. Бұл туралы осы елдің энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған Today.kz 

"Біріншіден, біз бұл мәселені (тоқтату немесе өндіру) тек ел ішінде ғана талқылауға әзірміз. Шектеу қоятын құжаттарға қол қоя алмаймыз. Біз үшін осы отырысқа қатысып, мәселе жайында пікір алмасу және ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің тәсілдемелері туралы білу маңызды", – деді ол.

"Біз қарашаның жиырмаларында тағы кездесіп, диалогымызды жалғастыруға келістік", – деді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу