Қазақстан мұнай тасымалдайтын танкерлер сатып алады

1086

Қазақстан мұнай тасымалдайтын танкерлер сатып алатын болды. 

Қазақстан мұнай тасымалдайтын танкерлер сатып алады Фото: inbusiness.kz

Осыған қатысты Астана Абу Дабимен күні кеше ғана келісімді бекітті. Өздеріңіз білесіздер жақында еліміз Ресейді айналып өтетін Әзірбайжан бағытын сынақтан өткізді. Мамандар сәтті болды деп қуанып жатыр. Және жұмыс мұнымен тоқтамайды. 

Қазақстан Ресейдегі маршрутты айналып өтетін балама жолды сынақтан өткізді. Қашаған мұнайы алғаш рет "Баку-Тблиси-Жейхан" құбырына құйылды. 

Қара алтынның бірінші партиясы, яки 6900 тонна Атыраудан теміржол цистерналарымен Ақтау каспий портына жеткізілді. Ары қарай шикізат Баку портына танкермен жіберіліп,  Тбилиси Жейхан құбырына құйылады. Айта кетейік, негізі мұнайды дәл осы жолмен ақпан айында тасымалдау жоспарланған еді. Алайда, Түркиядағы зілзала салдарынан экспорт тоқтатылды.

"Бұл енді алғашқы сынақ ретінде өткен жөнелту болды. Жөнелту жұмыстары сәтті аяқталды. Біздің сол жүк жіберуші импекс компаниясы біздің жұмысқа жоғары баға берді. Енді сәуір айында теңіз кен орнынан шыққан мұнайды Баку, Тблиси, Джейхан бағытында тағы да 125 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз", дейді "ҚазТрансОйл" АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бас менеджері Айсамал Әбілхан.  

Қазақстан мұнайын Ресейді айналып өткізетін балама жолды сынақтан өткізді

Сарапшылар да бұл бағыттың мүмкіншілігін жоғары бағалап отыр. Алдағы уақытта сұраныс екі есеге артатынына сенімді. Тек бұл бағыттың шығыны көп болуы мүмкін.

"Ктк арқылы мұнайдың бір тонна транзиті тек қана 38 доллар тұрады. Ал баку тблиси джейхан бағыты 90 долларға дейін жетеді. Екі үш есе қымбат. Неге десеңіз Ақтау портының инфрақұрылымы қазіргі жағдайда бүкіл қазақстанның мұнайын алатындай мүмкіншілігі жоқ. Инфрақұрылым жоқ, қосымша флот керек, Кемелер керек", дейді Сарапшы Асылбек Жакиев.

Қазақстан мұнай тасымалдайтын танкерлер сатып алады

Күні кеше ғана Қазақстан маңызды келісімге қол жеткізді. Нақтыласақ "ҚазМұнайГаз" бен Abu Dhabi Ports Каспий арқылы тасымалдайтын танкерлер сатып алатын болды. Қазір қолданыстағысы 7 мың тоннаға дейін мұнайды тасыса. Су жаңа танкерлер 8-12 мың тоннаға дейінгі қара алтынды тасымалдай алады. Флот Каспий мен Қара теңізде қатынайды деген жоспар бар.

"Ақтау портының өндірітсік шамасы жылына 6 млн 200 тонна мұнай жөнелтуге шамасы келеді. Бірақ біз ол мүмкіндігіміздің орта есеппен жартысын ғана пайдаланып отырмыз. Егер алдағы жоспарда мұнайдың көлемі арытп, осы бағытта көбірек мұнай жөнелтетін болсақ, оған біз дайынбыз. 02,15 биылғы жылы 1 млн 125 мың тонна мұнайды жөнелтуді жоспарлап отырмыз", дейді "ҚазТрансОйл" АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бас менеджері Айсамал Әбілхан.

Еске салсақ, былтыр Ресей жағындағы Каспий құбыр консорциумында ақау шығып, мұнай тасымалында қиындықтар туындаған еді. Сарапшылар мұның саяси астары бар деген. Сол кезде Тоқаев басқа жолды іздеуге пәрмен берді. Міне, енді Әзірбайжан арқылы жіберілетін бағыт сынақтан өтті. Бірақ әлі де кешенді жұмыстар қажет. Энергетика министрі Болат Ақшолақов оған кемі 4-5 жыл уақыт кететінін айтты. Бұдан бөлек, Германия Ресейден емес, Қазақстанның өзінен мұнай алып отыр. Жыл басынан бері 40 мың тонна жіберсе, сәуір айында 100 мың тонна жөнелтпекші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу