Қазақстан мұнайы арзандады

1082

2019 жылдың қаңтарында Қазақстан мұнайының бағасы 2018 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 5,2% -ға төмендеді, бір тоннасы 62,5 мың теңгені құрады.

Қазақстан мұнайы арзандады

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айындағы мұнайдың ең жоғары бағасы Қызылордаға тиесілі. Осы аймақтың бір тонна шикізаты 84,2 мың теңгеге (1,9%-ға төмен) бағаланды, деп хабарлайды LS..

Өз кезегінде, Ақтөбе мұнайының бағасы жыл басынан бері 0,7% -ға (тоннасы – 76,1 мың теңге), Маңғыстау облысында – 5,1% -ға (тоннасы- 54,5 мың теңге), ал Атырауда –  6,3%-ға (тоннасы 61,1 мың теңге) арзандады.

Сонымен қатар, қаңтарда бір тонна бензин бағасы орташа есеппен 139,8 мың теңгені құрап, 5%-ға төмендеді.

Дизель отыны  0,1% -ға, яғни 71,2 мың теңгеге дейін, ал мазуттың бағасы – 1,8% -ға, 71,8 мың теңгеге дейін арзандады.

2018 жылғы желтоқсандағы бағалар  есептік жылдағы кәсіпорындардың салыстырмалы ауқымы үшін қайта есептелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу