Қазақстан мұнайы бір айда 7%-ға қымбаттады

694

Қазақстан мұнайы бір айда 7%-ға қымбаттады

Биылғы жылдың қаңтарында Қазақстан мұнайының бір тоннасы 41,6 мың теңгені құрады, деп мәлім етті статистика комитеті.

2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда (38,8 мың теңге)  бұл көрсеткіш 7%-ға өскен.

Әсіресе қызылордалық мұнай бағасы айтарлықтай көтерілген. Қаңтарда оның котировкалары тоннасына 58,6 мың теңгені құрады. Бұл  желтоқсандағы көрсеткіштен (тоннасына 52,9 мың теңге) 10,6%-ға жоғары.

Ал Атырау мұнайы өткен айда 37,7 мың теңгеден 40,4 мың теңгеге (7,3%) қымбаттады.

Сондай-ақ Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында бағаның жоғарлағаны байқалды. Аталмыш аймақтарда өндірілетін мұнайдың құны 6,8% және 4,8%-ға, тоннасына 41,9 мың және 37,4 мың теңгеге өсті.



 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу