Қазақстан мұнайы жыл басынан бері 17 пайызға өсті

748

Қазақстан мұнайы жыл басынан бері 17 пайызға өсті

2017 жылдың қазанында Қазақстан мұнайының бағасы тоннасына 45,6 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды LS.
Жыл басынан бері отандық қара алтын бағасы 17,5 пайызға өсті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазанда ең жоғары бағамен сатылған - Қызылорда мұнайы. Мұндағы шикізат тоннасы қазан айында 63,9 мың теңгеге саудаланды (жыл басынан бергі өсім – 20,7%).
Ал Ақтөбе мұнайының бағасы ең жақсы өсім көрсетіп, тоннасына  52,9 мың теңгеге жетті (жыл басынан бергі өсім-34,5%), Атыраудың мұнайы 42,7 мың теңгеге (жыл басынан бергі өсім-13,2%), Маңғыстау мұнайы – 43,5 мың теңгеге (жыл басынан бергі өсім-21,9%)  өсті.
Жыл басынан бері 8,4%-ға қымбаттаған бензин бағасы қыркүйек айында 134,6 мың теңге болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу