Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау жоспарланған уақыттан кешігуде

625

Қазақстан мұнайын  Германияға экспорттау жұмыстары жоспарланған уақыттан тағы да кешігуде. 

Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау жоспарланған уақыттан кешігуде

Энергетика министрінің орынбасары  Асхат Хасенов "бұл жолғы себеп - комерциялық келісімдердің созбалаңға салынуы",  дейді. 

Вице-министрдің сөзінше,  20 мың тонна қазақстандық мұнай ақпан айының соңына дейін Германия жетуі тиіс.   Ал,  "Дружба" мұнай құбырының  атқылануы бұл жұмыстарға кедергі емес.Өйткені тасымалдаушы тарап мұндай техникалық кедергілер жайында хабарламаған. 

"Бұған дейін  сатып алушы тараппен және жеткізушімен  келісім жасалды. Тиісті кесте бойынша ақпан айында аталған көлемдегі мұнайды жеткізу ескерілген. Қазір тендер жарияланды. Әзірге, 20 мың тонна жөнелтілмеді. Бірақ  тасымалдау үшін  атап айтарлықтай техникалық кедергілер  жоқ", дейді ҚР Энергетика министрінің орынбасары Асхат Хасенов.

Айта кетейік,  бұдан бөлек "ҚазТрансОйл" биылғы жылдың бірінші тоқсанында Германияға 300 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдайтынын жариялаған болатын. Бұл транзит Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында 2002 жылғы 7 маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде жүзеге аспақ. Энергетика министрі мұнайдың 20 мың тонналық сынақ партиясы сәтті аяқталса Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай  экспорттауға болады дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу