Қазақстан нарығында қытайлық көліктер көбейді

Биылғы 5 айда көрші елден 16 333 көлік әкелінген. 

Қазақстан нарығында қытайлық көліктер көбейді Фото: НГС

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын "жаулай" бастады. Бұны статистика айғақтап отыр. Биылғы 5 айда көрші елден 16 333 көлік әкелінген. Бұл дегеніңіз бүкіл 2022 жылдың көрсеткішінен (12,5  мың) артық.

Ал ақшалай есептесек, импорт көлемі 292 млн долларға жуық. Былтыр жылдық қорытынды 184 млн долларға ғана жуықтаған.

Сөйтіп Қытай қазір Қазақстан автонарығының негізгі жеткізушісіне айналды. Дәл Қытай секілді бір де бір елден мұнша көп көлік әкелінбейді.

Одан кейінгі тұрған АҚШ-тың өзінен биылғы 6 айда 10 200 көлік жеткізілген. Ал былтырғы жылдық көрсеткіші 8900 көлік болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу