Қазақстанға шеттен келген құс етінің сапасы сын көтермейді

904

Қазақстанға шеттен келген құс етінің сапасы сын көтермейді

"Қазақстанның құс өсірушілер одағы" заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Шәріповтың айтуынша елімізде сапасыз әрі сальмонелла сынды құс етінің ауруы жұққан тауар саны артып келеді. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды.

Қытайдың құс фабрикаларынан келетін тауар ішкі нарыққа негізінен Қырғызстан арқылы өтеді. 
"2013-2014 жылдары Қытайдың үйрек еті үлкен нарыққа Қызғызстан арқылы келгендігін анықтадық. Құс жемін тасымалдауға тиым салынған. Құс тұмауы мен "Ньюкасла" жұқпалы аурулары жұққан жағдайда кәсіпорынның жұмысы толық тоқтауы мүмкін. Сондай-ақ құстың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін", - деп мәлімдеді Руслан Шәріпов. 

Осы жайға алаңдаған салалық қауымдастық Қазақстан нарығына статегиялық маңызы бар шикізатты өткізу барысында белгілі бір шектеулер қоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу