Қазақстан нарығындағы тауарлардың 27 пайызы Қытайға тиесілі

1184

Қазақстан нарығындағы тауарлардың  27 пайызы  Қытайға тиесілі

Қазақстан нарығын Кытай тауарлары жаулап алған. Биыл Қытай тауарларының импорттағы үлесі 22%-дан 27%-ға дейін өсті. Қытайдан тасымалданатын импорттың 48% Алматы қаласына тиесілі, деп хабарлайды finprom.kz.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі тауар айналымы өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 29% өсті. Сонымен қатар экспорт 38%-ға ұлғайып, 8 млрд долларды құрады.

Ал импорт көлемі өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 34%-ға артып, 2,1 млрд долларға жетті.

Қытайдан тасымалданатын басты тауарлар телефон мен компьютер. Жарты жылда  189 млн долларға 1,2 мың тонна телефон аппараттары әкелінген, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 62% - ға көп ипортталған.

Қытайдан импортталатын аяқ киім 2,8 есеге өскен. Жарты жылда 81,7 млн долларға 19,4 мың тонна аяқ киім тасымалданыпты. Ал киім мен текстил 8% өсіп, 33 млн долларға жеткен.

6 айда оңтүстік астанамызға 1 млрд доллардың тауары тасымалданыпты. Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда, тасымалданған тауарлар көлемі 53% өсіпті.

Ақтөбе, Қарағанды және ШҚО облыстары Қытайға тауар экспорттаушы негізгі облыстар қатарында.  Таурлардың басым бөлігін бал, радиоактивті элементтер, ферроқорытпалар мен өзге де материалдар құрайды. Соның бәрін бірге алғанда Қытай экспортының 51% құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу