Қазақстан өңірлерінде бірқатар қызмет түрлері іске қосылады – Үкімет

647

 Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Қазақстан өңірлерінде бірқатар қызмет түрлері іске қосылады – Үкімет

Отырыста елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал және халықты жұмыспен қамту мақсатында қызмет салаларын қалпына келтіру мәселелеріқаралып, нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Вирустың минималдық өсім қарқыны аптасына 2%-ға жетпеген өңірлерде:

сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды);

қоғамдық тамақтану нысандарының (50 адамнан астам орынмен);

өндірістік тауарлар дүкендерінің (2 мың м2 астам); фитнес-отралықтары, спорт кешендерінің;

SPA орталықтары, моншалар мен сауналардың; балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінің;

қоғамдық көліктің (шектеусіз) қызметін іске қосуға рұқсат етіледі. 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы іске қосылады.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағында:

кезең-кезеңмен ішкі темір жол қатынасын іске қосуға байланысты темір жол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады;

қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды;

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғастырылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу