Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 11,2%-ға ұлғайды

197

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 11,2%-ға ұлғайды Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы – Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу