Қазақстан онлайн саудадан түсетін кіріс көлемі жөнінен 35-орында тұр

109

Былтыр көрсеткіш 8,7 млрд долларға жеткен.

Қазақстан онлайн саудадан түсетін кіріс көлемі жөнінен 35-орында тұр Фото: istockphoto.com

Қазір Қазақстан Орталық Азияда көш бастап, ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Елде жан басына шаққандағы онлайн сауда көлемі жылына шамамен 418 долларды құрайды. Бұл Үндістандағы көрсеткіштен 4,4 есе жоғары. Ал елдегі бөлшек сауданың 10-15 пайызы интернет арқылы жүзеге асады. Мұнда маркетплейстердің үлесі басым.

Ресми статистикаға сәйкес, өткен жылы интернет арқылы сатылған қызметтердің жалпы құны 2,48 триллион теңгеге жеткен. Жалпы бөлшек сауда нарығындағы электрондық коммерцияның үлесі оның дамуында маңызды рөл атқарады. ECDB деректеріне сәйкес, Қазақстанда бұл көрсеткіш 10%-дан 15%-ға дейінгі аралықта. Дерекқорда қамтылған 125 экономиканың ішінде Қазақстан осы санатқа жататын 24 елдің бірі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу