Қазақстан Оңтүстік Кореядан 567 миллион долларға тауар сатып алды

1107

Қазақстан  Оңтүстік Кореядан 567 миллион долларға тауар сатып алды

Өткен жылы Оңтүстік Кореямен тауар айналымы 2,5 есе өсіп, 1,7 млн долларды құрады. Қазақстанның өзге елдермен сауда айналымы тек 25 пайызға ғана ұлғайғанын есепке алсақ, бұл жақсы көрсеткіш.
Еnergyprom.kz. сараптама порталының мәліметі бойынша, корей тауарларының импорты бір жылда 25,3 пайызға өсіпті. Еліміз бұл елден 567,5 млн АҚШ долларына тауар сатып алған. Ал экспорт көлемі 5 есеге өсті -1,1 млрд долларды құрады.
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дулат Бәкішев пен оның әріптесі Ким Дэ Сиктің пікірінше, Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықты барынша нығайтады. 
Мун Джеиннің Орталық Азияға сапары осы жылға жоспарланған. Іссапар IT, электроника, құрылыс, медицина, білім саласында қарым-қатынастың дамуына негіз болмақ. 
ЕАЭО елдері мен Оңтүстік Корея арасында еркін тауар айналымын құру мәселесі бұрыннан қозғалып жүр. Егер осы келісімге қол қойылып жатса, бұл елдің Қазақстан экономикасындағы рөлі артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу