Тараптар геологиялық барлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін перспективті барлау учаскелері бойынша бірлескен жұмыс аясында Кореяның ұлттық мұнай-газ компаниясы мамандарына ҚМГ-ның геологиялық барлау жобалары таныстырылған болатын.
Қазіргі уақытта KNOC компаниясының "ҚазМұнайГаздың" жоспарлы түрде кеңейіп келе жатқан геологиялық барлау пулынан жаңа жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері қарастырып жатыр.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері жөніндегі байланыстарды жандандыруға дайын екендіктерін жеткізді.
А Н Ы Қ Т А М А:
Korea National Oil Corporation (KNOC) – Ульсан қаласында 1979 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның ұлттық мұнай-газ компаниясы. Ол елдің негізгі өнеркәсіптік корпорацияларының бірі. KNOC мемлекеттік стратегиялық мұнай қорларын басқарумен қатар, мұнай өңдеумен айналысады. Сондай-ақ компания Оңтүстік Кореяда "үнемді" жанармай құю станцияларының желісін дамытып, отын нарығын тиімді бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізуде.