Қазақстан ОПЕК+ келісімін өрескел бұзғандардың көш басында

757

Қазақстан тәулігіне келісілген көлемнен 189 мың баррель артық мұнай шығарған. 

Қазақстан ОПЕК+ келісімін өрескел бұзғандардың көш басында

Қазақстан ОПЕК+ келісімін өрескел бұзған елдердің көш басында. Мұнай өндірісін шектеуді қажетті деңгейде жүргізбеген Қазақстан, Ресей мен Оңтүстік Судан мемлекеттерінің тәртіп бұзуының жалпы көлемі 2 млн 300 мың баррель қара алтынға тең. Бұл турасында картельге кіретін елдердегі министрлердің мониторнигтік комитетінде айтылды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Ресей күніне келісілген мөлшерден 283 мың баррель артық өндіріп отырған. Ресейден асқан тек Ирак пен Нигерия. Картельге кірмейтіндер ішінде тәулігіне келісілген көлемнен 189 мың баррель артық мұнай шығарған Қазақстан бар. Болжам бойынша бұл елдер қыркүйектің соңына дейін өнідіріс квотасының тәртібін бұзғанын өтеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу