Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шыға ма?

102

Энергетика министрлігі елдің альянстағы қатысу форматын өзгертуді жоспарламайтынын мәлімдеді.  

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шыға ма? Фото: indiatimes.com

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шықпайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева БАӘ төңірегіндегі соңғы талқылауларға байланысты Қазақстанның ОПЕК+ келісімінен шығуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.

– Қазіргі таңда елдің альянстағы қатысу форматын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, – деді ресми өкіл Әсел Серікпаева.

Министрлік Қазақстанның OPEC+ аясындағы міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап OPEC және OPEC+ құрамынан шығатынын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу