Қазақстан Орталық Азия елдеріне мұнай өнімдерін экспорттауды бастайды

858

"Биылғы жылы отандық нарықты бензинмен, дизель отынымен және авиакеросинмен қамтамасыз ету 100 пайызға жетеді", – дейді Қанат Бозымбаев.

Қазақстан Орталық Азия елдеріне мұнай өнімдерін экспорттауды бастайды

Қазақстан ағымдағы жылы Орталық Азия елдеріне мұнай өнімдерін экспорттауды бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Биылғы жартыжылдықта біздің мұнай өнімдерімізді негізінен Орталық Азия елдеріне экспорттауды бастау жоспарланып отыр. Заңнамалық база аяқталуға жақын. Вице-министр Болат Ақшолақов сәйкесінше келісімдердің ратификациялануы мен заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қатаң қабылауға алуға тиіс", – деді Қанат Бозымбаев.

Жалпы министрдің дерегінше, 2018 жылы мұнайды қайта өңдеу секторында мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобалары толықтай ақталды. К-4, К-5 еуропалық стандарттарына сай келетін мұнай өнімдерінің қуаты мен терең өңделуі, сапасы артты. 

"2017 жылмен салыстырғанда мұнайды қайта өңдеу көлемі 8,6 пайызға артып, 16,4 млн тоннаны құрады. Бұл жылы 17,2 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі 2018 жылы 2017 жылға қарағанда 9,4 пайызға артты. Биылғы жоспар – 2018 жылғы деңгейден 5 пайыздық өсіммен 12,2 млн тонна болды", –деді министр.

Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысында нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіші бензинмен 93,2 пайызды, дизель отынымен 91,1 пайызды және авиакеросинмен 62 пайызды құрады.

"Биылғы жылы отандық нарықты бензинмен, дизель отынымен және авиакеросинмен қамтамасыз ету 100 пайызға жетеді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу