Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

240

Бұл жөнінде Өзбекстанның статистика агенттігі хабарлады.   

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты Фото: eldala.kz

Биыл 11 айда Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаңтар-қараша аралығында бауырлас елдер 4 млрд долларға алыс-беріс жасасқан. Мәліметке сай, көрші елдің сыртқы сауда айналымы 59,4 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

Есепті кезеңде Қытай, Ресей, Түркия мен Қазақстан ресми Ташкент үшін сауда-саттық тұрғысынан негізгі серіктестер атанып отыр. Бұл ретте Өзбекстан Қазақстанға 1,3 млрд доллардың тауарын экспорттап, 3 млрд доллардан астам сомаға тауар импорттаған.

Екіжақты сауда айналымының басым бөлігі – астық, жеміс-жидек, көкөніс және табиғи ресурстардың еншісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу