Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашады

314

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашады Фото: el.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден қызметі өкілдіктерін ашуды көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу