Қазақстан Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық тасымалдады

159

Экспорттық тасымалдар 8,5% өсіп, 13 млн тоннаға жетті. 

Қазақстан Өзбекстанға 4,5 млн тонна астық тасымалдады Фото: ҚТЖ

"Қазақстан Темір Жол" ұлттық компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, 2025 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша өзбек бағытында айтарлықтай өсім тіркелді. Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалының көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 16% артты.

Бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 32% артып, 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

"2025 жылдың қорытындысында  "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5% артық. Экспорттық тасымалдау көлемі 7,1% ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жетті", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу