Қазақстан Өзбекстанға қандай тауарлар сатады?

929

Биыл 9 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымы 31,9%-ға өсіп, 2,7 млрд доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Tradereport.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қазақстан Өзбекстанға қандай тауарлар сатады?

Отандық экспорт 32,9%-ға немесе 1,9 млрд долларға дейін өскен. Қазақстан Өзбекстанға төмендегі тауарлар есебінен экспорт көлемін арттырған:

Телефондар (елде шығарылмайды), өсім көрсеткіші 230 есе артқан, 0,7 млн доллардан 160,9 млн долларға дейін.

Қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар 74,7 млн доллардан 152,2 млн долларға дейін (Отандық болат екені нақты емес. Себебі Ресейдегі Магнитогорск металлургия комбинаты Қазақстанда өзінің бес сауда үйін ашқан. Елге жеткізілетін ресейлік металдың құны Теміртау қоймасындағы Арселор прокатына қарағанда төмен). 

Қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай тапталған жазық илек, 50,2 млн доллардан 99,8 млн долларға дейін (Мұндағы жағдай жоғарыда көрсетілген дерекке ұқсас).

Мыс кені мен концентраттар – 0,5 млн доллардан 50,6 млн долларға дейін.

Ірі қара мал – өсім көрсеткіші 26,9 есе артқан, 1,7 млн доллардан 44,9 млн долларға дейін.

2021 жылғы 9 айда Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталатын негізгі тауарлар бидай, ұн және өнеркәсіп өнімдері болып саналады. 

Өзбекстаннан Қазақстанға импорт 9 айда 29,3%-ға өсіп, 735 млн доллар болды. Бұл өсім төмендегі тауарлар импортының артуымен байланысты:

Жеңіл автомобильдер – 130,2 млн долларға артқан, 98,5 млн доллардан 228,7 млн долларға дейін;

Қоспаланбаған болаттан жасалған жалатылған жазық илек – 16,3 млн доллар, 0-ден 16,3 млн долларға дейін;

Құрылыс кірпіштері – 13,1 млн доллар, 4,4 млн доллардан 17,5 млн долларға дейін;

Тоңазытқыштар – 11,9 млн доллар, 0,9 млн доллардан 12,7 миллионға дейін;

Жылтыратылмаған керамикалық плиткалар – 9,6 млн доллар, 3,8 млн доллардан 13,4 млн долларға дейін.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстаннан Қазақстанға импортталған негізгі тауарлар:

1. Жеңіл көліктер – 228,7 млн доллар, импорттағы үлесі – 31,1%.
2. Өрік, шие, шабдалы – 55,1 млн доллар, импорттағы үлесі – 7,5%.
3. Полиэтилен полимері – 24,9 млн доллар, импорттағы үлесі – 3,4%.
4. Кірпіш – 17,5 млн доллар, импорттағы үлесі – 2,4%.
5. Жүзім – 17,1 млн доллар, импорттағы үлесі – 2,3%.

Бұл деректерден Қазақстан Өзбекстаннан 77,6 млн долларға автомобиль, әрі 228,7 млн долларға басқа тауарлар сатып алғанымызды көруге болады. Отандық нарықта ресейлік көліктердің азаюынан оның орнын Өзбекстанда шығарылатынын Chevrolet Cobalt басқан.

Осылайша, бидай мен ұнды (478,8 млн доллар) өзбекстандық жеміс-жидекке (72,2 млн доллар) алмастырымыз, әрі кірпіш пен полимер (42,4 млн доллар) аламыз. Сонымен қатар көрші елге 252 млн долларға болат, 160,9 млн долларға телефондар сатамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу