Қазақстан өзге ел азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауға дайын

132

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.

Қазақстан өзге ел азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауға дайын Фото: canva

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен ұшатын эвакуациялық рейстерде бос орын болған жағдайда өзге ел азаматтарын да алып кету мүмкіндігін қарастыруға дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай өтініштер түспеген.

– Азаматтар ең алдымен өздерінің дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінеді. Алайда өтініш жасалған жағдайда және рейстерде бос орындар болса, біз көршілес мемлекеттердің азаматтарына көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Е.Жетібаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азамат аман-есен шығарылды. Жақында Оман астанасы Маскат қаласынан Алматыға 314 қазақстандық мінген рейс ұшып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу