Қазақстан өзінің COVID-19-ға қарсы вакцинасын Ауғанстанға жіберуге дайын ба?

972

Қазақстан отандық COVID-19 вирусына қарсы "QazVac" препаратын Ауғанстанда вакцинаны сақтау мәселесі шешілген бойда жеткізуге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Қазақстан өзінің COVID-19-ға қарсы вакцинасын Ауғанстанға жіберуге дайын ба?

"Біз дайынбыз, Ауғанстан үкіметінен вакцинаны қашан және қайда жеткізу керектігі туралы ақпарат күтеміз. Өйткені сақтауға қатысты мәселелер бар. Қазақстан шешім қабылдады, Президент тапсырма берді", - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел “QazVac” коронавирусқа қарсы вакцинаны Ауғанстан мен басқа да мұсылман елдеріне гуманитарлық көмек ретінде жеткізетінін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу