Қазақстан Пәкістан арқылы өтетін логистикалық мүмкіндіктерді іздестіруде

418

Пәкістан арқылы экспорттық/импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті әрі бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие. 

Қазақстан Пәкістан арқылы өтетін логистикалық мүмкіндіктерді іздестіруде Фото: Сауда және интеграция министрлігі

2023 жылғы 18 тамызда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның  "TCS Logistics Private Limited" ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті, деп жазады Inbusiness.kz.

"Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді", - делінген ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында.

Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады, оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу