Қазақстан Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар түрін шығармақ

451

Қазақстан Пәкістан нарығына жалпы сомасы 411 млн доллардан асатын 80-ге жуық тауар түрін шығармақ. Бұл туралы inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Қазақстан Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар түрін шығармақ Фото: gov.kz

Мұндай келісім Исламабадта өткен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысында жасалды.

"Біздің кәсіпкерлер қазақстандық өнімді Пәкістан нарығына, атап айтқанда дәнді және бұршақты дақылдар, өсімдік майы, макарон, ұн мен кондитерлік өнімдерді экспорттауға, ал Қазақстан өз тарапынан жеміс-көкөніс өнімдерін импорттауға мүдделі. Болашақта біздің ел Пәкістан нарығына 411 млн доллардан астам сомаға әртүрлі салалардағы өңделген тауарлардың 80-ге жуық түрін жеткізуге дайын", - деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Аталған үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тараптар 9 құжатқа қол қойды.

"Жүктер транзиті және тасымалдау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Қазіргі кезде басқа әлеуетті серіктестермен Қостанайдан Хайратонға дейін 2 500 тонна ұн және Пәкістаннан жылына 50 мың тоннаға жуық картоп тасымалдау мәселесін талқылап жатырмыз", - деп тоқталды қазақстандық "Dala Trans" ЖШС коммерциялық директоры Нұрсұлтан Нәжіметдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу