Қазақстан пальма майын шектен тыс импорттайды

776

Қазақстан пальма майын шектен тыс импорттайды

РФ мен Қазақстанға пальма майы тым көп әкеліне бастады. Бұл туралы Қазақстан парламенті төменгі палатасының вице-спикері Владимир Божко айтты, деп хабарлайды today.kz. 

"Жалған сүт өнімдері мен өсімдік майлары әдетте пальма майы есебінен жасалады, жыл сайын оның РФ мен Қазақстанға әкелінуі 40-50%-ға артып келеді. Соңғы 3 жыл мен 2018 жылдың 2 айында елімізге 46,6 мың тонна пальма майы әкелінген, оның негізгі тұтынушылары "Еуразия фудс", "Рахат" АҚ, "FG-VQ" ЖШС", – деді Владимир Божко дүйсенбіде палатада үкімет сағаты шеңберінде.

Вице-спикер еске салып өткендей, пальма майы қызған кезде елеулі канцероген болып саналады.

"Оның бізге әкелгендегі асқын тотығының қаншалықты екендігі беймәлім, Еуропада ол сан 0,5 мольден аспауға тиіс, бізде 10-ға дейін рұқсат етілген", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу