Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев

1055

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясында уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайтынын мәлімдеді. 

Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біз қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам бастық. Сондай-ақ қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет етеді деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев күллі дүниежүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрғанын баяндап, өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырағанына назар аударды. 

"Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру. ХХІ ғасырдың 21 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды", – деді Мемлекет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу