Қазақстан парламенттік сайлауда дауыс беру үшін 53 елде сайлау учаскелерін ашады

726

Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады.

Қазақстан парламенттік сайлауда дауыс беру үшін 53 елде сайлау учаскелерін ашады

Әлемнің 53 елінде тұратын Қазақстан азаматтары 10 қаңтарға белгіленген Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс бере алады, деп хабарлады республиканың Сыртқы істер министрлігі.

"Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады", – деп жазылған таратылған хабарламада.

Сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңы 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады.

Сонымен бірге шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу