Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең "мықты" құжат саналады.
Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:
- Қырғызстан – 71 орын,
- Өзбекстан – 72 орын,
- Тәжікстан – 78 орын,
- Түрікменстан – 84 орын.
Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.
Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.
Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).
Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу