Қазақстан паспорты Henley рейтингінде көрші елдерді басып озды

162

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады. 

Қазақстан паспорты Henley рейтингінде көрші елдерді басып озды Фото: gov.kz

Қазақстан паспорты халықаралық Henley Passport Index рейтингінде айтарлықтай өсім көрсетіп, 2026 жылы әлем бойынша 57-орынға жайғасты. Бұл – соңғы екі жарым жылдағы ең қарқынды өсімдердің бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады. Бұл көрсеткіш елдің сыртқы саяси байланыстарының нығайып, визасыз режимдер санының артып келе жатқанын айқын дәлелдейді.

Соңғы жылдардағы өсім динамикасы:

2023 жыл – 70-орын

2024 жыл – 66-орын

2025 жыл – 61-орын

2026 жыл – 57-орын

Осылайша, Қазақстан небәрі екі жарым жыл ішінде 13 сатыға жоғарылап, өңірдегі ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Орталық Азия елдерімен салыстырғанда да Қазақстан айқын басымдыққа ие. Мәселен, Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орында (59 ел), Тәжікстан 79-орында (53 ел), ал Түрікменстан 87-орында (45 ел) орналасқан. Бұл Қазақстан паспорты аймақтағы ең "күшті" құжат екенін көрсетеді.

Әлемдік рейтингтің көшін Сингапур бастап тұр – оның азаматтары 192 елге еркін бара алады. Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (188 бағыт), ал үшінші орында Швецария (186 ел) орналасқан.

Сарапшылардың айтуынша, паспорттың күшеюі тек туризммен шектелмейді. Бұл – бизнес мүмкіндіктердің кеңеюі, халықаралық келіссөздерді жеңілдету және инвестициялық белсенділіктің артуы деген сөз. Яғни, әрбір жаңа позиция – қазақстандық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер.

Айта кету керек, International Air Transport Association деректеріне сүйене отырып жасалатын бұл рейтинг әлемдегі ең беделді көрсеткіштердің бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу