Бұған дейін, қаңтар айындағы рейтингте Қазақстан 61-орында болған.
Henley & Partners компаниясы жариялаған Henley Passport Index деректеріне сәйкес, қазақстандықтар әлемнің 78 еліне визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады.
Жаңартылған рейтингте 1-орынды Сингапур иеленді. Одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея орналасқан. Ал тізімнің соңында Ауғанстан тұр – бұл ел азаматтары небәрі 24 мемлекетке визасыз кіре алады.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең жоғары позицияны сақтап отыр. Аймақтағы өзге мемлекеттердің көрсеткіші мынадай: Өзбекстан мен Қырғызстан – 73-орында, Тәжікстан – 79-орында, ал Түрікменстан 87-орында тұр.
Henley Passport Index – әлемдегі ең беделді паспорт рейтингтерінің бірі. Ол Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) деректеріне сүйене отырып жасалады және ел азаматтарының визасыз сапар мүмкіндігін бағалайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу