Қазақстан Pfizer және AstraZeneca дәрілік өнімдерін өндіретін болады

436

AstraZeneca компаниясымен инвестиция көлемі $32 млн болатын бірегей дәрілік заттардың өндірісін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Pfizer және AstraZeneca дәрілік өнімдерін өндіретін болады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Үкіметі республикада Pfizer және AstraZeneca компанияларының дәрілік препараттар өндірісін ашуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Премьер-Министр Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының пакеттерін ұсына отырып, фармацевтикалық индустрияның әлемдік ірі өкілдерімен де белсенді іскерлік байланыстарды арттыратынын атап өтті. 

"Pfizer компаниясымен Дәрі-дәрмек өндірісін локализациялау бойынша инвестициялық келісім жасау жоспарланып отыр. AstraZeneca компаниясымен инвестиция көлемі $32 млн болатын бірегей дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", — делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен бірге ҚР Президентінің АҚШ-қа сапары барысында GE Healthcare компаниясымен құны $60 млн болатын медициналық техника өндірісін локализациялау жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Roche компаниясымен $2,5 млн сомаға бірқатар жоба пысықталып жатыр. Оңтүстік Корея, Түркия, Египет және Израиль инвесторларымен келісім-шарттық өндіріс жобалары жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу