Алматы қаласының полиция өкілдері "Копенгаген" – "Қайрат" халықаралық футбол матчы алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен танысу үшін барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Делегация құрамында қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев және Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Мәйлікбаев бар.
Соның ішінде стадион инфрақұрылымымен, кіру-шығу тәртібімен, жанкүйерлер қозғалыс бағыттарымен, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен және қауіпсіздік қызметтерінің өзара әрекеттесу тәртібімен танысу жоспарланған.
3 күн бойы полицейлер екі тілде бейнекүнделік жүргізіп, Алматыда өтетін футбол матчтарын ұйымдастыруға қолдануға болатын негізгі байқаулар мен тәжірибелер жөнінде бөлісетін болады.
"Копенгаген" – "Қайрат" матчы Чемпиондар лигасының V туры аясында 26 қараша, сәрсенбі күні өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Қос команда да әзірге турнирдің жалпы кезеңінде жеңіске жеткен жоқ. Екі команда да 4 ойыннан кейін 1 ұпайдан жинаған.