Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

370

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға орталық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.

АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген.

Екі ел басшыларына ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктер, АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитеттерінің, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Орталықтың исламдық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ тәулік бойы консультациялық қолдау көрсететін AIDA (AIFC Intelligent Digital Assistant) интеллектуалдық ассистенті жайында баяндалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу