Қазақстан расымен Арменияға қару-жарақ жеткізді ме?

275

Әлеуметтік желілерде және интернет-сайттарда Қазақстанның Арменияға әскери техниканы жеткізгені туралы ақпараттар тарады.

Қазақстан расымен Арменияға қару-жарақ жеткізді ме? Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі Арменияға қару-жарақ жеткізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ҚР Қорғаныс министрлігі ондай ақпаратты теріске шығарды.

"Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу