Қазақстан Ресей насихатын жүргізетін телеарналарды жаба ма?

1030

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров үкімет отырысынан кейін Ресейдің насихат жүргізетін телеарналар туралы сұраққа жауап берді. 

Қазақстан Ресей насихатын жүргізетін телеарналарды жаба ма?

"Қазақстанда Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын қолдайтын азаматтар баршылық. Әлем елдері Ресейдің федералдық арналарына шектеу қойып шатыр. Бізде де оларды жабу қарастырыла ма?" деп сұрады журналистер.

"Ресейлік және басқа да шетелдік телеарналар кабельдік желі арқылы көрсетіледі. Әр адам пакетті таңдауға құқылы. Бірақ пакеттерде міндетті түрде қазақстандық 15 арна болады. Бірінші пакетте болады. Басқа пакетті көрермен өзі таңдайды. Бірақ кейбір телеарна Қазақстан заңын бұзса, азаматтар құзырлы органдарға арыз түсіре алады", – дейді Омаров. 

Оның айтуына қарағанда, әлдебір арнаны шектеу мәселесі күн тәртібінде жоқ.

Demoscope жүргізген сауалнамаға қарағанда қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей пропагандасына ереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу