Қазақстан-Ресей шекарасында 14 автокөліктен заң бұзушылық анықтады

800

16-17 қарашада 40 жүк көлігі тексерілді.  

Қазақстан-Ресей шекарасында 14 автокөліктен заң бұзушылық анықтады

Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы Қазақстан шекарасында 16-17 қарашасында мобильді топтар 40 жүк көлігін тексеріп, оның 14-інде (35%) заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 300 тоннаға жуық тыйым салынған тауарлардың, оның ішінде таңбаланбаған аяқ киім мен парфюмериялық өнімдердің, сондай-ақ контрафактілік өнімнің белгілері бар аяқ киім партиясының анықталғаны білгілі болды.

Аяқ киім мен парфюмериялық өнімдерді таңбалау туралы ЕЭК шешіміне сәйкес ЕАЭО елдері осы тауарларға таңбалауды енгізу мерзімін дербес белгілейтіндігін айта кету керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында осы тауарларды міндетті таңбалау енгізілген жоқ, сондықтан мұнда оған бақылау жүргізілмейді.

Бұл ретте, Ресей Федерациясында 2020 жылғы 1 шілдеден және 1 қазаннан бастап аяқ киім мен парфюмерия өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілді. Осынған байланысты РФ Федералдық кеден қызметі таңбаланбаған өнімдерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитеті Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметінен анықталған бұзушылықтар мен тауарларды жіберуші ел туралы ақпаратты сұратты. Нәтижесінде, 14 көліктің 7-еуі Ресей Федерациясына Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өткендігі анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу