Қазақстан-Ресей шекарасындағы Желқуар бекеті уақытша жабылды

423

Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеті уақытша көліктер мен адамдарды кіргізбейді және шығармайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.  

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Желқуар бекеті уақытша жабылды Фото: t.me/knbgov_kz

"Бүгін, яғни 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы "Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүк пен тауар өткізу уақытша тоқтатылды.

Көлік жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағытын өзгертуді ұсынамыз", - деп ескертті комитеттен.

"Желқуар" пункті қашан қайтадан ашылатыны қосымша жарияланады.

Бұл бекет Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу