Қазақстан Ресейден 10 мың тонна дизель отынын импорттады

319

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазмұнайгаз" компаниясы Үкіметтің тапсырмасы аясында қыркүйек-қазан айларында 100 мың тонна дизель отынын импорттауға келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстан Ресейден 10 мың тонна дизель отынын импорттады

"Бүгінгі таңда 10 мың тонна импортталды", – деді ол.

Сондай-ақ облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері мұнай базаларындағы жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын мониторингтеу және көлемдерін шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ЖМҚС-қа бөлу жөнінде шешімдер қабылдау үшін жедел штабтар құрды.

"Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша мыналар орындалды. Отынды әкетуге жол бермеу – бұрын ҚТЖ МӨЗ-ден басқа әкетуге тыйым салу жөнінде ішкі бұйрық қабылдады, сондай-ақ ІІМ мен ҰҚК-ге мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу және жартылай тіркемесіз/тіркемесіз жүк автомобильдерінің (тартқыштардың) кіруіне тыйым салуды енгізу жөнінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Шағын ЖМҚС – ҚМГ мен Петросан есебінен ЖТ көлемдерін директивалық бөлуді және АШТӨ мен ЖМҚС-қа басым бағытты қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке алыс-берістер ЖТ-ны тікелей ЖМҚС-қа жеткізуді растады", – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Энергетика министрлігі әкімдіктердің шағын ЖМҚС өтінімдері бойынша қажетті көлемді пысықтауда.

"Жеткізу маршруттарын оңтайландыруды тапсырамын – ҚМГ мен Петросан ТД жөнелтімдерін жоспарлаған кезде нақты МӨЗ-де географиялық орналасуы және ресурстардың болуы ескеріледі. ТД-ны жақын өңірлерге жөнелтуге басымдық беріледі. Өнімсіз делдалдарды – ҚМГ мен МӨЗ-ді алып тастау тапсырмасы ЖМҚС-пен тікелей шарттар расталған кезде ғана ТД-ны жөнелту жөніндегі жеке алушылармен мәселені пысықтауда, өзге жағдайда тиеп-жөнелту тоқтатыла тұруы мүмкін. Кейбір жеке давальдықтар ЖҚС-ға ДТ жеткізілімін растады", деп есеп берді Энергетика министрі.

Сондай-ақ МС нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау үшін ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу