Қазақстан Ресейден АИ-95 бензинін импорттамақ - министр

1976

Бүгінгі таңда тиісті келіссөздер жүріп жатыр. 

Қазақстан Ресейден АИ-95 бензинін импорттамақ - министр Фото: Ведомости

Республика бойынша АИ-92 бензині 23 күнге, АИ-95 – 15 күнге, дизель отынының қорлары 29 күнге жетеді. Бұл туралы Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысы елдің батысындағы жағдай бақылауда екенін жеткізді.

"АИ-95 бензинін Ресейден әкелуге тура келеді. Павлодар зауытында жөндеу жұмыстары, Атырау мұнай өңдеу зауытында авариялық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, Шымкент АИ-95 бензинінің өндірісін қысқартты. Нарықты тек Ресей Федерациясынан жеткізілетін импорт арқылы жабамыз деп күтіліп отыр", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Министрдің сөзінше, бүгінде тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Біз айына 40 мыңға дейін импорттауымыз керек. "Газпромнефть" импорттық АИ-95 бензинін жеткізуді бастады", - деп түйіндеді Алмасадам Сатқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу