Қазақстан Ресейге бензин экспорттады – Reuters

361

Reuters дерегінше, елден бензин экспорты тәуліктік есепте 8% төмендеп, шамамен 11,1 мың тоннаны құрады. 

Қазақстан Ресейге бензин экспорттады – Reuters Фото: ТАСС

Керісінше мазут пен автогаз жеткізілімі өскен: мазут – 1%, сұйытылған көмірсутек газы – 6%, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, шілдеге бөлінген экспорттық квоталар толық игерілмеді. Павлодар мұнай‑химия зауыты мүлде экспортқа шыққан жоқ.

Негізгі жеткізілімдер:

"Конденсат" зауыты экспортқа шамамен 11,1 мың тонна бензин жіберді.

Оның ішінде 8,7 мың тонна Ресейге, 2,4 мың тонна Өзбекстанға жөнелтілді.

Бұл кәсіпорынға белгіленген 24,1 мың тонна лимиттен екі есе аз.

Қолданылмаған көлем ішкі нарыққа бағытталды. Әсіресе АИ‑95 маркалы бензин ел ішінде сұранысты жабу үшін жеткізілді.

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу кезінде бұл маңызды болды. Ал жазғы дизель экспортына бөлінген квота мүлде пайдаланылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу