Үкімет резервіндегі фермерлер 30 млрд теңге алады

243

Бұл шара мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге берілетін субсидия қарызын жабуға мүмкіндік береді. 

Үкімет резервіндегі фермерлер 30 млрд теңге алады Фото: inbusiness.kz

Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттері 30 млрд теңге қаражат алады. Аударымдар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға трансферттер ретінде жіберіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Смайылов қол қойған осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігіне ең көп – 7,8 млрд теңге бөлінген. Жамбыл облысына –5 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысына – 4,5 млрд, ЗКО малшыларына – 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Жалпы, биыл үкімет агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға барлық көздерден 494 млрд теңге қаражат бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидияларға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу