Қазақстан "Сбермен" келісім жасамайтын болды

1566

Цифрлық платформаны "Сбер" компаниясы жасамайтын болды. Бұл туралы ортком қызметінде өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновацияялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин аян етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан "Сбермен" келісім жасамайтын болды

"Қазіргі геосаяси ахуал және өзге себептерді саралай келе өз күшімізбен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз", – деді ол.

Бұған дейін Бағдат Мусин де осыған ұқсас пікір білдірген. Алайда үзілді-кесілді айтпаған.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу