Қазақстан шекарасына жақын маңда бір күнде 2 рет жер сілкінді

Бүгін ел шекарасына жақын аумақта тағы бір жер дүмпуі тіркелді.

Қазақстан шекарасына жақын маңда бір күнде 2 рет жер сілкінді Фото: Liter.kz

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 2,6-ны көрсеткен жер сілкінісі Астана уақытымен 14:41-де болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сейсмикалық ошақ Қазақстан шекарасынан шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. 

Еске салайық, 12 қаңтар күні түске дейін Алматы маңында да жер сілкінісі болған. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының хабарлауынша, оның магнитудасы 4,0-ге тең. Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің орталығы Алматы қаласынан 54 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында тіркелген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу