Қазақстан Shell компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ

183

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Shell компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Питер Костелломен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті.

Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты.

Shell Қазақстанда мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі бастаманы, соның ішінде КҚК, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобаларына қатысу, қысқы дизель отынын өндіру бойынша ПМХЗ қондырғысын жаңғырту, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық барлау және ғылыми зерттеуді жүзеге асыруда.

Кездесу барысында Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына назар аударылып, оны жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. 

Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды. Тараптар қуаты жылына 2,5 млрд м3 ГӨЗ салуды және жаңа жаңа алаңдарды игеруді көздейтін 2А және 2B кезеңдерін іске асыруды жеделдету жоспарларын қарады.

Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу